ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына жол тартты. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында жазды.
«Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыспен танысу үшін және тұрғындардың қауіпсіздігі мен оларға қажетті көмек көрсету бойынша нақты шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету үшін Арыс қаласына ұшып шықтым», - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік.
Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.
Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда.
Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.
Әскеридің ата-анасымен жылап қоштасқан видеосы тарады.
Сондай-ақ, Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.