$ 494.87  520.65  4.91

Сириядан 524 қазақстандық оралды

Министр Ұлттық қауіпсіздік органдары «Жусан» гуманитарлық операциясының 3 кезеңін сәтті өткізгенін, оның шеңберінде қақтығыс аймағынан Қазақстанға 524 азамат (137 әйел мен 357 бала) оралғанын айтты.

«Жусан» гуманитарлық операциясы нәтижесінде Қазақстанға қақтығыс аймағынан 524 азамат оралған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Министрдің сөзінше, бүгінде ел аумағында бейбітшілік, келісім және бірлікте 18 конфессия өкілдері өмір сүруде, олардың мүдделерін 3738 діни бірлестік ұсынады. Бұл ретте министрлік екі негізгі бағытқа ерекше мән береді: біріншісі – мемлекеттік ұйымдастыруда зайырлы қағидаттарды нығайту, екіншісі – діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни негіздегі экстремизм мен радикализмнің таралуының алдын алу. 

«Дінаралық тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін дін саласындағы мамандардың біліктілік даярлығы үлкен рөл атқарады. Өткен жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларында деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдарды қайта қалпына келтіру бойынша діни қайраткерлерді даярлау курстарынан 190 имам мен теолог өтті. Сонымен қатар, өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы жаңғыртылды және оңтайландырылды. Олардың саны төрт есе қысқарды, алайда олардың жұмыс сапасына баса назар аударылды. 2018 жылы лекторлық топтар 38 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды», - деді Абаев.

Министр Ұлттық қауіпсіздік органдары «Жусан» гуманитарлық операциясының 3 кезеңін сәтті өткізгенін, оның шеңберінде қақтығыс аймағынан Қазақстанға 524 азамат (137 әйел мен 357 бала) оралғанын айтты. 

«Біздің Министрлік әкімдіктермен бірлесіп оралғандарға медициналық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді», - деп айтты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары