$ 444.22  476.38  4.82

«Намыстанып тұрған азаматтан айналдым!»: Айгүл Орынбек ата-анасына жылап сәлем жолдаған сарбазбен кездесті

Заңгер батырдың постты тастап қашпағанына қуану керек екенін айтады.

Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында күні кеше видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған сарбаз жайлы жазба қалдырды. Ол Исатаймен бірге суретке түсіп, оның батырлығына бас иетінін айтты. 

Заңгер әскеридің постты тастап қашпағанына қуану керек екенін айтады. 

«Ата-анасына соңғы сөзін жолдаған сарбаз! Исатай Алматы қаласының тумасы. Өзінің әріптестерінің ісіне күйініп, әйелдер мен балаларды бос көліктерге тоқтатып мінгізіп жіберіп отырған. Батырларды тірісінде бағала, өлгеннен соң жоқтау айтудың қажеті жоқ! Бүгінгі заманның мақтау айтатын ер азаматтары осылар! Қасындағы қатардағы 2 сарбазы мен біраз халыққа көмек бергенін мақтанып айтуда. Кейбір форма киген басшылары, сарбаздарды тастап қашып кеткені үшін намыстанып тұрған азаматтан айналдым! Аман бол халықтың ұлы!»,  – деп жазды ол. 

Айта кетейік, күні кеше Арыстағы жарылыс кезінде ата-анасына жылап, видео жолдаған сарбаз әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Кейін оның Алматы қаласының тумасы екені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары