$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады

Қазақстан халқы Жаңа жыл мерекесіне орай 4 күн демалады.

"ҚР мереке туралы" заңына және Еңбек кодексіне сәйкес, мемлекеттік және ұлттық мерекелер демалыс болып есептеледі. Ал, егер мереке аптаның демалыс күніне сай келсе, онда қазақстандықтар келесі жұмыс күні демалуы тиіс.

2016 жылдың 1-2 қаңтар күндері жұма мен сенбіге түсетіндіктен 4 қаңтар - дүйсенбі де демалыс болып жарияланады. Яғни, ел тұрғындары тек 5 қаңтардан бастап жұмысқа шығуы тиіс.
Сонымен қатар, 7 қаңтар - Рождество мерекесіне байланысты да қазақстандықтарды бір күндік демалыс күтіп тұр. 
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны ҚР Тұңғыш Президентінің күні болғандықтан бұл күн де мемлекеттік мереке болып жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары