$ 494.87  520.65  4.91

Астанада нанның ішінен шеге шықты

Астана тұрғыны Кәмилә Ғайнутдинова нанның ішінен шеге тауып алған. Ол елордалық әкімдіктің сайтындағы «Халық бақылауы» айдарына шағыммен жүгінген.

«Ануар» дүкенінен нан сатып алдық, дастарқан жайып жатқанда, бөлке нанның ішінен шеге табылды. Дүкенге чекпен бардық, олар осы мекенжай бойынша кәсіпорынды көрсетті. Шара қабылдауыңызды сұраймын! Біз Ануарға бардық, олар бізге өндіруші «Столичный хлеб» ЖШС екенін айтты, - деп жазды Ғайнутдинова, шегемен нанның фотосын қоса беріп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары