$ 494.87  520.65  4.91

Түркиядан Қазақстанға шыққан жүк көліктеріне Ресей шекарашылары бөгет қойды

Түркиядан Қазақстанға тауар әкелмек болған ондаған жүк көлігі Ресей мен Грузияның шекарасында тұрып қалды деп жазады РИА Новости Грузияның Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

 

Жүк тиеген көліктер Грузияның "Казбеги" бекеті мен Ресейдің "Жоғарғы Ларс" бекеттерінің арасындағы бейтарап аймақтан шыға алмай тұр. Ресей тарапы өз аумағына кіруге рұқсат бергенге дейін жүргізушілер осындай күтуді жоспарлап отыр. Ал, бұған дейін РФ Ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев Ресей үкіметі Түркиядан келетін ауылшаруашылық өнімдеріне бақылауды күшейтуді және шекарада қосымша тексеру шараларын жүргізуді тапсырғандығын айтқан болатын.

Халықаралық тасымалдаушылар ассоциациясының Түркиядағы атқару комитетіне төрағалық ететін Фатих Шенер Ресей-Грузия шекарасында 150-ден астам жүк көлігінің тұрып қалғандығын хабарлауда.

Айта кету керек, кеше Ресей шекарасынан өте алмаған түркиялық көліктер кері қайтқан болатын. Грузия тарапы өз кедендік бекеттерінде ешбір кедергінің жоқтығын, бар мәселе Ресей тарапынан болып жатқандығын мәлімдеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары