$ 498.34  519.72  4.85

«Төрт қолдап жылайтындар қайда?»: блогер Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекті халық ортасына шақырды

Сондай-ақ, ол Арыс тұрғындарын мешітке емес, мемлекеттік мекемеге жатқызу керек екенін айтты. Өйткені, мешіттегі теріс ағымдағылар халықты билікке қарсы қойып жатыр екен.
Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Блогер Айгүл Орынбек Шымкенттегі наразы халықты сабырға шақыру үшін Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекке үндеу жасады. 

«Асыл арна, Мұхамеджан Тазабек, Бекболат Тілеухан қайда? Кеше ғана дабыл қақтым. Мешіттің айналасында теріс пиғылды адамдар жүр деп! Жүйкесі тозған адамдарды өз қатарына қосып үгіттеуде, тіпті үйлеріне күшпен алып кетіп жатқандар да бар болды. Бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз!», - деп жазды блогер Facebook-парақшасында.

Сондай-ақ, ол Арыс тұрғындарын мешітке емес, мемлекеттік мекемеге жатқызу керек екенін айтты. Өйткені, мешіттегі теріс ағымдағылар халықты билікке қарсы қойып жатыр екен.

«Сарай сауысқандары қайда? Әшейінде төрт қолдап жылайтын! Неге осындай кезде халықты сабырға шақырмайды. «Біздің жамағат болмаса, Арыс халқы аштан қалатын еді, иншалах»- деп WhatsApp группаларында аудио тартқандарынан басқа не істей алады?», - деді Айгүл Орынбек.

Оның пікірінше, ел тәуелсіздігін сақтау үшін Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек халықтың ортасында болуы керек.

«Әйтпесе дін халықты иманға емес, соғысқа жетелейтінін айқындайды! Оған дәлел Сирия мен бүгінгі Ақмешіттегі оқиға!», - деп жазды Айгүл Орынбек 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары