Алматыда бойжеткенді зорлаған азамат отбасылы боп шықты. Құқық қорғаушы Дина Смаилованың айтуынша, қазіргі таңда күдікті ұсталып, іс прокуратураға берілді.
«Іс прокуратураға берілді, қылмыскер ұсталды. Осыған байланысты мен Медеу ауданының және Алматы прокуратурасының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Мұндай істер жайлы біз бірнеше рет жаздық. Себебі зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанын жас қыздардың оқиғалары әлі де қоғамда көп», – деді Дина Смаилова.
Смаилованың айтуынша, оқиға Медеу мұз айдынының дәретханасында болған.
«Құрбыларына қыдырып барған бойжеткен өз үйіне қайтпақ болған қыз, жолда такспи ұстаған. Таксист жігіт жол бойы қызды түрлі әңгімелерімен қызықтырып, Медеу мұз айдынына кездесуге шақырған. Қыз көп ойланбастан келісімін беріп, олар ертесі мұз айдынында кездесіп, кафеде тамақтанған соң қыз дәретханаға барған. Алайда қыздың артынан ер азамат та еріп, күтпеген жерден оны дәретханада зорлап тастаған. Бойжеткен полиция қызметкерлеріне шағымданған. Тәртіп сақшылары ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғап, қамауға алынды. Тергеу барысында қылмыскердің бұдан бұрын 5 рет қылмыс жасағаны белгілі болды. Зорлықпен қатар, ұрлық та жасағаны анықталды», – деп сөзін қорытындылады ол.