Танымал тележүргізуші, соңғы кездері көпбалалы аналар мәселесін жиі қозғап жүрген Сәуле Әбілдаханқызы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.
Әбілдаханқызы күні кеше ғана Арыстағы жарылысты «табиғи апатқа» теңеген министр жайлы жаңалықты бөлісіп, «Отставкаға кетсін! Елді құрдымға жібергендер осындайлар» деп пікір қалдырған.
Айта кетейік, Ермекбаев Арыстағы жарылысқа қатысты журналист сұрағына «Ол кінәлі деп айтуға болмайды. Ол табиғи нәрсе. Әрбір нәрсенің қауіптері бар. Әзірге кешірім сұрайтын нәрсе көріп жатқан жоқпын», – деген болатын.