ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жағдайды табиғи апатқа теңеді. Бұл туралы ол журналист Бақытнұр Әлібайдың сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.
Тілшінің «Арыстағы жағдай бойынша халықтан кешірім сұрайсыз ба?» деген сұрағына министр мырза былай деп жауап берді.
«Ол кінәлі деп айтуға болмайды. Ол табиғи нәрсе. Әрбір нәрсенің қауіптері бар. Әзірге кешірім сұрайтын нәрсе көріп жатқан жоқпын», – деді ол.
Сонда табиғи не болуы мүмкін? Апаттан басқа?
Еске сала кетейік, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік.
Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.
Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда.
Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.
Әскеридің ата-анасымен жылап қоштасқан видеосы тарады.
Сондай-ақ, Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешқұрым Арыс қаласына шыққанын мәлімдеп, тұрғындармен кездесті.