$ 439.43  473.31  4.82

Бала тууды дәрет сындыру құрлы көретін екі аяқты ұрғашылар да бар – Дана Нұржігіт

Ұлы жансақтау бөліміне түсіп қалғанда Дана өзін қоярға жер таппай, өлім мен өмір арасы бір-ақ адым екенін түсініпті.

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт бір кездері ұлы Әлімнің ауруханаға түсіп қалған сәтіп еске алып, сондағы өзі куә болған жайттарды еске алды. 

Ұлы жансақтау бөліміне түсіп қалғанда Дана өзін қоярға жер таппай, өлім мен өмір арасы бір-ақ адым екенін түсініпті. Әсіресе, оған сол жердегі сәбилердің бірі шетінеп кеткен кезіне куә болу өте ауыр соққы болыпты. 

«Жанымды қоярға жер таппай шырылдадым да қалдым. Адамнан адам шығу оңай емес, рас! Бірақ бала тууды дәрет сындыру құрлы көретін екі аяқты ұрғашылар да бар. Сондайлардың бөпелері біздің балаларымызбен қатар жатты. Олардың жылағаны да бөлек! Олар анаға әмір жүргізгенді білмейді. Олар бақырып-шақырып шаршаған, ешкім қолға алмаған соң қасына келмеген соң төбеге қарап жатып, әлсін-әлсін жіңішке үнмен жалынышты қылып дауысын созып тұрады. Олар ештеңені де, ешкімді де күтпейді», – деп өткенді еске алды ол. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Рерихтің өзіне сатқындық жасағанын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары