$ 447.4  477.55  4.76

«Жұмысқа жегу керек»: Айдын Рахымбаевтың 14 жастағы қызы ыдыс жуушы боп жұмыс істеп жүр

Айдын Рахымбаевтың басты мақсаты – «Еңбектің наны тәтті» деген ұғымды балаларының бойына сіңіру екен.

BI GROUP басшысы Айдын Рахымбаев Instagram-парақшасына қызының жұмыс істеп жүріп ұйықтап қалған суретін жариялаған. Балаларын жұмысқа жегетінін ол бүгінге дейін ешкімге айтпай келген. 

Оның ойынша, баланы жастайынан жұмысқа жегу керек екен. Ол 14 жастан бастап балаларының фамилиясын ауыстырып, жұмысқа жібереді. Басқа адамдар сияқты қатардағы жұмысшы ретінде ыдыс жуып, тамақ істеу – баланы ширатады. Айдын Рахымбаевтың басты мақсаты – «Еңбектің наны тәтті» деген ұғымды балаларының бойына сіңіру екен.

«Бәрі әділ болу үшін қыздарым тегін жасырып, аспаздардың ортасында тәжірибеден өтіп жатыр. 12 сағаттық жұмыста үлкендер секілді жұмыс істейді. 50 келі картоп, 14 келі пияз, 16 келі сәбіз тазалап, 200-ге жуық жұмысшының тамағын әзірлейді. Одан соң ыдыстарын жуады. Ұйқылары қанбай, қатты шаршайды. Бірақ біздің отбасылық ұстанымымыз – 14 жастан бастап баланы жұмысқа жегу. Әрине балаларыма жаным ашиды. Бірақ осы істеген жұмыстары болашақта үлкен көмек болады деп ойлаймын. Ұлым да құрылыс алаңында өзге тегін жасырып, жұмыс істеп жүр», - деді ол жазбасында.

Айдын Рахымбаев өз балаларын осылай көпшілікке көрсету арқылы өзге ата-аналарға да үлгі болғысы келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары