$ 447.4  477.55  4.76

«Адам өлді»: Айгүл Орынбек Ермекбаевты қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Айгүл Орынбектің Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын өзгеріссіз беріп отырмыз.

Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек күні кеше ғана Арыстағы жарылысты «табиғи апатқа» теңеген ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды. 

Айгүл Орынбектің Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын өзгеріссіз беріп отырмыз. 

«Ермекбаев қорғанысымыз мықты болмағанына кінәлісіңдер!

Бейбіт халық снарядтар ұшқанда, аман қалу үшін бәрін тастап қашты. Халық түгілі отан қорғайтын сарбаздарың әскери постты тастап қашты.

Адам өлді, қаншама адам жараланып жаны ауырып жатыр.Үйлерге ұры түсіп, малы қырылып үй-күйсіз халық сенделіп қалды.

Сіз осының бәрін көріп тұрып «бұл табиғи апат, кешірім сұрауға негіз жоқ» дегенсіз бе? Бұл ешқандай да табиғи апат емес! Бұл сіздің қол астындағы қызметкерлеріңіздің немқұрайлылығынан болып отырған үлкен қылмыс! 

Сізден бастап қару жарақ қоймасына жауапты бәрін трибуналмен қылмыстық жауапкершілікке тарту керек!

Бір емес бес рет жарылуға жол беріп отырған шенділердің бәрін аямау керек! Халықтан кешірім сұрауға негіз жоқ па? Әлде намысыңыз жібермей отыр ма?

Жапония императоры жер сілкінісі болғанда, табиғи апат үш халқының алдында тізерлеп отырып кешірім сұрап отыр. Ал сіздер немесе сендер кімсіңдер халық алдында бас имейтін?!», – деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы министр Ермекбаевтың отставкаға кетуін талап еткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары