Атырау облысында құйынды жел сауықтыру лагерінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды КТК арнасы.
150 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше оқиға балаларға арналған «Тұлпар» сауықтыру лагері орналасқан қала маңындағы Бесікті ауылында болды.
«Нөсерлі жауынмен бірге келген дауылды жел үш корпустың шатырын көкке ұшырды. Бұл уақытта балалар ғимараттың ішінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Барлық 150 баланы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Батыс өңірлік аэромобильдік шұғыл-құтқару жасағының» қызметкерлері қауіпсіз жерлерге эвакуациялады», - деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен.