Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов билікті сынаушыларға жауап берді.
«Қазақстанда соңғы жылдарда өте көп жұмыс істелді. Неге екенін білмеймін, кейбір азаматтар көздері соқыр болып, ешнәрсені көрмейді. Сол азаматтар ең бірінші көздерін ашып, ояну керек! Басымды көпшілігі баяғыда оянып, жұмыс істеп жүр», - деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, ол жазбасын «Ойлан қазақ!» деп аяқтаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ғабидолла Әбдірахымов «Оян, қазақ» деп жүргендерге «Ойлан, қазақ» деп жауап берер едім деген болатын.