$ 494.87  520.65  4.91

Ермекбаев Арыс халқынан кешірім сұрады

Бұл туралы ол баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы ол баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

«Жауапкершілік пен кінәні шатастыруға болмайды. Кінәліні сот шешеді. Ашығын айтсам, арыстықтармен кездесуде халықтан өзім кешірім сұрағанмын. Жапа шеккендер және эвакуацияланғандармен бірнеше рет кездестім. Жапа шеккендерден әрқашан кешірім сұраймын. Бірақ әскери адам атын шығарумен емес, нақты іспен шұғылдануы керек»,  – деді Нұрлан Ермекбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін тілшінің «Арыс халқынан кешірім сұрамайсыз ба?» деген сұрағына министр «Ол табиғи нәрсе» деп жауап берген болатын. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары