$ 448.15  483.46  4.86

Юнус Эмре түрік-мәдени орталығының оқытушысы Абай өлеңдерін 2 тілде оқыды (ВИДЕО)

Эстафета аясында орталықтың білім координаторы Аxмет Шаxин Абайдың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» өлеңін қазақ және түрік тілінде оқыды.

Елордадағы Юнус Эмре түрік-мәдени орталығы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған эстафетасына үн қосып, ұлы ақынның шығармасын 2 тілде оқыды. 

Эстафета аясында орталықтың білім координаторы Аxмет Шаxин Абайдың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» өлеңін қазақ және түрік тілінде оқыды. 

Өз кезегінде ол эстафетаны Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мырзаға, журналист Нартай Аралбайұлына, әнші Гүлнұр Оразымбетоваға және тележүргізуші Ирина Тенге жолдады. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы Ләйлім-Шырақ есімді қыздың Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары