Өскемендік жігіт үйлену тойынан үш күн бұрын жоғалып кеткен, деп хабарлайды YK-news.kz.
Жігіттің туыстарының айтуынша, 1990 жылы туған Сергей Александрович Золотухин 7 шілде күні жұмысқа шыққаннан қайтып оралмаған. Соңғы рет жігітті «Қорғаныс» станциясында көрген.
«10 шілдеде Сергейдің туыстарынан жоғалып кеткен жігіт туралы арыз қабылданып, қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп түсіндірді Өскемен қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Сергейдің бойы - 185 см, арықша келген. Үстінде қара жейде мен джинсы шолақ шалбар, аяғында қара кроссовка.
Ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндер 8 777 368 46 57, 8 777 850 87 38 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.