$ 494.87  520.65  4.91

Шенеуніктер Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңін оқысын, мықты болса – ақын

Мәселен, ақын Ақылбек Жаңбырбай «Шенеуніктер Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңін оқысын, мықты болса» деп жазба қалдырған.

Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Осыған орай ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы желіде қызу талқыланып жатыр. Шенеуніктер де үн қосқан бұл жобаны желі қолданушылары өз ұсыныстарын айтуда. 

Мәселен, ақын Ақылбек Жаңбырбай «Шенеуніктер Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңін оқысын, мықты болса» деп жазба қалдырған. Ал Досым Зікірия есімді желі қолданушысы «Бар малымды шығындап» деп тұрған жерінде «жағың қарыссын» деп тұратын шығар ішінен. Тым болмаса, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртымды» оқысыншы» деп өз пікірін білдірген. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы қыз Ләйлім-Шырақтан қабыл алып, ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба»  атты өлеңін оқыған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары