$ 494.87  520.65  4.91

Димаштың 73 жастағы италиялық жанкүйері Абайдың өлеңін оқыды (ВИДЕО)

Ол ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқыды.
Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Димаш Құдайбергеннің Абай оқулары эстафетасын 73 жастағы италиялық жанкүйері қабыл алып, ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқыды. Бұл туралы Сымбат Досмахан есімді желі қолданушы өз Facebook-парақшасында жариялады. 

«Димаштың жанкүйерлеріне қайран қаламын. 73 жастағы Димаштың италиялық жанкүйері Диана Абай өлеңін оқыды. Абай атамыздың рухы бір жасап қалған шығар. Әлем болып оның өлеңдерін оқитын болады енді. Жарайсың, Димаш!», - делінген оның жазбасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы қыз Ләйлім-Шырақтан қабыл алып, ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба»  атты өлеңін оқыған болатын.

Одан әрі Димаш Құдайберген мемлекет басшысы Тоқаевтан эстафетаны қабылдап, оны танымал ресейлік продюсер Игорь Крутойға жолдаған еді. 

Өз кезегінде продюсер Абайдың өлеңін оқып, елші Иманғали Тасмағамбетовке ұсынғанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары