$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау әуежайында полицей эскалатордан құлаған ер адамды құтқарды

Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша егде жастағы адамның қан құрамынан аз мөлшерде алкогольді ішімдік табылды.

Оқиға 9 шілдеде Ақтау халықаралық әуежайында болды. Маңғыстау станциясының көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы Алматы облысының 61 жастағы тұрғынының эскалатордан құлауына жол бермей, аяғынан жарақат алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Көлік полициясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Lada.kz.

«Полиция қызметкерінің сауатты әрекеттерінің арқасында адам жарақат алған жоқ. Полиция капитанының тізе буынының оң жақ бөлігі жарақаттанды. Оған медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша егде жастағы адамның қан құрамынан аз мөлшерде алкогольді ішімдік табылды.

«61 жастағы ер адамның үстінен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 440-бабы 1 тармағына сәйкес «Қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде жүргені үшін» әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам 2,5 айлық есептік көрсеткіш (6,312 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады», - деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары