$ 494.87  520.65  4.91

Жезқазғандық ер адам қолында баласы бар әйелді соққыға жығып, полицейге пышақ салған

Қылмыскерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Жезқазған қаласында Пробация қызметінің қызметкері Гиа Баламамедов қаскөйден балалы әйелді  арашалаймын деп жараланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Г. Баламамедовтың жұмыстан келе жатқан уақытында болған. Ол мас орта жастағы ер адамның  қолында баласы бар келіншекті соққыға жыққанын көреді. Кіреберістің темір есігіне соғылған әйел жерге сұлап түскен. Құқық қорғау органының қызметкері бұл жағдайға көз жұмып кете алмай, дереу әрекет еткен. 

Нәтижесінде, әйел қаскөйден құтқарылғанымен, қаскөй  қылмыстық атқару жүйесінің қызметкеріне пышақ салып алған.

Қызметкер қазір Жезқазған қаласындағы Орталық аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оны өлімнен аман алып қалған. Қылмыскерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әділет капитаны Гиа Баламамадов - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы пробация қызметінің инспекторы. Қылмыстық-атқару жүйесінде 2018 жылдан бері еңбек етеді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары