$ 444.22  476.38  4.82

«Мал базар сияқты»: Тоқалдыққа кастинг жариялаған азамат көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Өзін Қалмұхан деп таныстырған азаматтың жасы 47-де екен. Ол өзіне тоқалды Whatsapp арқылы іріктеген. Нақтырақ айтқанда, өз талаптарын жазған ол ұнамаған аруды шығарып жіберетін көрінеді.

Әлеуметтік желіде тоқалдыққа кастинг жариялаған азаматтың видеосы тарап кетті. Екінші жарын Whatsapp-тағы хабарлама арқылы іріктеп отырған ол көптің ашуына тиді деп жазады NUR.KZ.

Өзін Қалмұхан деп таныстырған азаматтың жасы 47-де екен. Ол өзіне тоқалды Whatsapp арқылы іріктеген. Нақтырақ айтқанда, өз талаптарын жазған ол ұнамаған аруды шығарып жіберетін көрінеді.

Бұл видеоны көрген жұрт ызаға булықты. Олар қазіргі заманның аға буындары неге өзгергенін түсіне алмай әлек болды.

«Мал базарда отырған сияқты», «Ұят жоқ! Немеренің иісін иіскеп, бәйбішесіне қуаныш сыйлап, балаларының бақытын тілейтін, иман жолын сақтайтын, болашақ «Аталар» саны азайды», «Мал тәрізді таңдайтын болып барады», «Не масқара мынау?», «Жетіскен екен», «Көзін құрту керек», «Ұят, ар-намыс қайда?» деп жазды олар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тоқал