15.07.2019, 20:00

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Фото: ҚазАқпарат
Оқыс оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 40- шақырымында болған.

Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 40-шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жол көлік оқиғасы «Тойота Хайландер» және «Лада 21014» көліктерінің соқтығысуы салдарынан болған. Жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Есік қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, фактіні облыстық Полиция департаментіндегі тергеу басқармасы жүргізеді. 

Айта кетейік, жантүршігерлік көлік апатының видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.