16.07.2019, 00:15

Атырауда 24 жастағы құрылысшы қайтыс болды

Фото: ҚазАқпарат
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға «Zaman» тұрғын үй кешені құрылысында болған.

Атыраудағы құрылыс нысанында 24 жастағы жамбылдық ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға «Zaman» тұрғын үй кешені құрылысында болған. 

«BI GROUP» компаниясының «ТамДан құрылыс Астана» мердігер ұйымында істейтін жігіттің басына биіктен темір құбыр құлап түскен. Басынан ауыр жарақат алған жұмысшы облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер жас жігітті құтқарып қала алмады. 

«Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылады. Ол жұмысшының қаза табу себебін тексереді», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

Тегтер: Атырау