$ 494.87  520.65  4.91

Гендерлік саясат және ұлттың ұйысуы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қаты­суымен «100 нақты қадам – халықаралық реформалар жос­пары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ел игілігі үшін аса маңызды шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырды.

Конференцияға қатысушы­лар­дың негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасына сәйкес, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарының мазмұны мен басым бағыттарын халыққа түсіндіру, реформада белгіленген шаралардың республика көлемінде жүзеге асырылу барысы жөнінде кеңінен ақпарат беру, алда тұрған күр­делі міндеттерді талқылау бол­ған­дықтан да алқалы жиынға қаты­сушылар бірден іске көшті.

Жиналыс модераторы Қазақ мем­лекеттік қыздар педа­го­гика­лық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­тінің жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның мүшесі Динар Нүкетаева алғашқы сөзді конфе­рен­цияның құрметті қонағы – Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік хатшысы, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жа­нын­дағы Әйелдер істері және отба­сы­лық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комис­сия­ның төрайымы Гүлшара Әбдіқалы­қо­ваға берді.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді жан-жақ­ты жаңғыртудың нақты бағыт­тарын айқындап берді. Бүгінгі кон­ференцияның тақырыбы өзекті осы мәселелермен тектен-тек өзек­тесіп жатқан жоқ, – деген Гүл­шара Наушақызы Елбасының бес инс­титуттық реформасы мемлекетіміздің ұзақ жылғы даму бағдарламасы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын кезең-кезеңмен нәтижелі іске асырудың тетіктеріне айналғанын атап өтті. Сол себепті елді жасампаздыққа бастайтын 100 нақты қадамды іске асыруда еліміздің ер азаматтарымен қатар, қыз-келіншектері де бір кісідей атсалысып, жұмылып қызмет етуде. Маңызды конференцияның байырғы білім ордасы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтуі де жайдан-жай емес. Игі шараға оқу орнының озық ойлы алғыр студенттері қатысты. Олардың күні ертең ел болашағы үшін биік мақсаттарға қол жеткізуге бірден-бір ұйытқы болары хақ, – деді Мемлекеттік хатшы.

Қазақстан қазіргі таңда саяси тұрғыда ауқымды да қарқынды атқарылатын істер кешенін дайындап, мұқият тиянақтау үстінде екенін айтты. Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Үкімет пен аталған комиссияның мүшелері бірлесіп 57 заң жобасын дайындап жатқаны баршаға мәлім. Сол заңдардың іске қосылуын күтпей-ақ Елбасының маңызды реформасын жүзеге асыру Алматыда басталып та кетті. Бүгінде қаланың 2020 жылдарға арналған реформасы ашық талқылану үстінде. Елбасы атап айтқандай, мемлекеттің болмысы әрқашан ашық та шынайы болуы тиіс. Оның нақты мысалы таяуда ғана Алматыда өткен мемлекеттік форумнан байқалды да. Сол басқосуда мемлекеттік емес ұйымдар қаланың өмірлік бағдарламасына тұңғыш рет ашық-жарқын қатысты. Бүгінгі өтіп жатқан шараның халықаралық мәртебеге ие болуы – БҰҰ Даму бағдарламасының бұл іске етене араласуы. Бұған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өз сөзінде арнайы тоқталды. Ол бір күннің ішінде ел өміріндегі аса ауқымды бағдарламаны талқылау зор күш-қуатты талап ететінін, Алматы тұрғындарының 55 пайызын қыз-келіншектер құрайтынын, олардың еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси іс-қимылдардың алғы шебінде жүргенін саралап берді.

Мәртебелі жиында мемлекеттік маңызды бағдарламаның еліміздегі гендерлік саясатпен үйлесуі туралы жан-жақты әңгіме қозғалды. Әлемнің озық дамыған 30 елінің ондай дәрежеге жетуі әйелдердің рөлі мен белсенділігіне тікелей байланысты екені де осы жиында еске салынды. Ал Қазақстан сол 30 елдің қатарына қосылуға ынталы. Ендеше, Қазақстан өміріндегі гендерлік саясаттың ауқымы әр күн сайын қамту шеңберін зорайта түсуі заңды. Қазір Жер планетасының тең жарымы қалада тұрады. Біріккен Ұлтар Ұйымының мәліметі бойынша, 2030 жылы Жер бетіндегі халықтың 85 пайызы қалаға қоныстанады екен. Ірі мегаполистер арасында бәсеке артатын тұс – сол кез.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Алтангерел Мунхтуя бүгінгі Қазақ­станның әлем елдері арасындағы беделі мен болашаққа қарышты жасаған батыл қадамдарына шолу жасады. БҰҰ Даму бағдарламасында тұрақты даму үстіндегі қалалардың тізімі жасалған. Оған дамыған, орташа және даму үстіндегі шағын қалалар кіреді. Алматыны өз болмысына сай әлемдегі мәртебелі 15 қаланың қатарына кіргізу жобасы туралы мәселе көтерілді. Сол үшін де БҰҰ ДБ Алматы қаласының қыз-келіншектері үлкен мегаполистің жан-жақты жаңғыруына үлес қосуын қызу құптайды.

Конференцияда қазіргі заман­ғы мемлекеттік аппаратты қалып­тастырудағы әйелдердің мүмкіндігін кеңейту тақырыбы бойынша Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов, сот жүйесін жетілдіру кезіндегі гендерлік аспек­тілер бойынша Жоғарғы Соттың жанындағы Соттар қызметін қамта­масыз ету департаменті басшы­сының орынбасары Жазбек Әбдиев, сондай-ақ, күн тәртібіне орай «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма төрайымы, комиссия мүшесі Ләззат Ибрагимова, Мәде­ниет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, Ұлттық эко­номи­ка вице-министрі Қайырбек Өскем­баев баяндама жасады.

Бұдан кейін ғылыми-тәжірибелік конференция 5 секция бойынша жұмыс істеді.

Кәсіпкер әйелдердің Ұлт жоспарын іске асыру аясында инновациялық жобаларды қолдау, Болашағы бір­тұтас ұлт қалыптастырудағы әйел­дердің рөлі сияқты басқа да өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта ше­берлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске же­тіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңге­ле­нген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.

Еліміздің 20 жылдық дамуының қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы стратегиялық курсының арқасында саяси жүйесі орнықты, экономикасы күшті, азаматтық қоғамы тұрақты сәтті және заманауи мемлекет құрдық.

Бұл табысымыз еліміздің жауапты мемлекеттік саясатының маңызды да ажырамас құраушысы болып табылатын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың да арқасында мүмкін болып отыр. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені жан-жақты және егжей-тегжейлі ескере отырып гүлденген болашаққа ұмтылған тұтастай халықтың келісімі мен бірлігін нығайтуға бағытталған.

Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер серпінді шешілуде. Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап, бекітті. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.

Қазақстан адам құқықтары бойынша 60 аса халықаралық шарттарға қосылды.

2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенцияға сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін жариялады.

Басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.

Аталған мәселені шешудегі алғашқы қадамдардың бірі әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен (ІІД, отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссия, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет департаменттері) тығыз жұмысты қамтитын әйелдерге арналған дағдарыстық орталықтардың ашылуы. 

Қазақстанда отбасы, әйел және бала сұрақтары бойынша жеткілікті құқықтық негіз және қоғамның отбасы маңыздылығын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін түсіну қалыптасқан.

Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңдай үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Олардың қызметін ынталандыру үшін 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы мен 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

ҚР Президентінің 29.11.2005 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.

Еліміздің басты құқықтық құжаты Конституцияның 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады».

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатады және реттейді. Олардың басты қағидасы – ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі, балалардың отбасылық тәрбиесінің басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2009 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ескертуге және алдын алуға, сонымен қатар оларды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды анықтап, жоюға бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерімен жүзеге асырылатын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралардың кешенін анықтайды.

         Биылғы жылдың басты жаңалығы болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.

Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендету бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу деп ойлаймын.

Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, ақпараттық-насихат топтарының аудандардың және қаланың мекемелері мен кәсіпорындарына шығу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жастармен кездесулер өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік және құқыққорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отбасы-неке заңнамасындағы өзгерістерді, бизнес ашу сұрақтарын, азаматтармен тегін заң көмегін алу құқықтарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі.

Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.

Біздің елімізге әйелдерді қорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі қажет болғандығы сондай, оған қатысты мемлекет басшысының талқылауынан көруге болады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы жарлығымен отбасы және әйелдер істері жөнінде Ұлттық комиссия құрылған болатын. Сондай-ақ, оның қызметінің негізгі төрт бағыты анықталды. Оның біреуі – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою. Президенттің сілтеуі бойынша 1999 жылы Қазақстан Өкіметі «Қазақстан Ресаубликасында әйелдер қағидасын жақсарту жөнінде Ұлттық жоспар» жасаған болатын.  Жоспар, сенім телефондарымен орталық күйзеліс торын құруды қарастырған. Қазақстан өкіметінің қаулысымен республикамызда гендерлік саясат концепциясы қолданысқа енді, ол 2050 жылдар кезеңінде көп жылдық болашақ есебінде 2030 жылдарға дейін еліміздің экономикасын тұрақты дамуы мен тұрғындардың қазіргі кезеңге сай әлеуметтік- экономикалық тұрақтылығы есепке алынған. Демократиялық және ашық қоғам құрылысының міндеті барлық дискрминация түрін құруды талап етеді. Әйелдер мен еркектердің теңдігінің принципі ұлттық заңнаманың негізі қалауы болып табылады. Гендерлік саясаттың міндеті барлық құрылымдарда әйелдер мен еркектердің тең қатысуына қол жеткізу. Экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту, қызметте алға басу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдай құру, сондай-ақ жыныстық белгі бойынша зорлық-зомбылық бостандығы болып табылады.

         Ерекше көңіл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күреске аударылған, атап айтсақ қоғамда гендерлік теңсіздікті айқын көрсетеді.

         Гендерлік зорлық-зомбылықтың кең тараған түрі – ол жүние жүзілік үрдіс, онда әлеуметтік шекара жоқ және ол ұлттан, діни танымнан немесе тұрғындардың өмір сүру деңгейіне байланысты емес.  2014 жылдың үш айында Лисаков қаласының аумағында әйелдерге қатысты 71 қылмыс жасалған, оның ара үлесі тіркелген қылмыс санының 43,1 % құрайды. Мұнда күштері басымдар әйелдерге қатысты бұзақылық, алаяқтық, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстарды әлсіз қарсылық көрсете алмайтындарға қатысты жасайды. Лисаков қалалық соты үш ай ішінде құқық бұзушыар жөнінде 62 әкімшілік іс қарады, олар отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жеке тұлғаға қатысты құқық бұзулар, 59 іс жөнінде құқық бұзушылар еркектер болып табылады.

         2009 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасында «Тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу туралы» Заң қабылданды. Заң тұрмыстық қорлық-зобылықты алдын алу жөнінде Қазақстан Республикасында құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік органдар, жергілікті өзін–өзі басқару органдарының, ұйымдардың қызметтерінің негізгі  ұйымдастырушылық міндеттерін айқындайды. Қазақстанда гендерлік  саясатты жүргізу жөнінде жұмысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасылық-демократиялық саясат және әйелдер істері жөнінде Ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті болып 2030 жылға дейін Қазақстанда Статегияны дамыту контексте әйелдер мен еркектер теңдігі, отбасына қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Респбликасындағы гендерлік теңдік Стратегиясы және халық аралық шарттар, отбасы мәселесі бойынша және гендерлік теңдікке қатысушы Қазақстан болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары