$ 494.87  520.65  4.91

«Алғашқы түнде қан шықпады»: жас келіншек күйеуін пәктігіне сендіре алмай жүр

Менің мәселем: қыз болып, арым таза болып күйеуге шықтым, бірақ қан ақпады. Қаңтар айының соңында көтердім. Күйеуім екі күн бірінде «сен бұрында жатқансың, сен жезөкшесің, сен өтірік айтасың» деп неше түрлі лас сөздермен балағаттайды.

«Қымбатты оқырман, менің басымдағы жағдайға бей-жай қарамасаңыздар екен. Сырымды ақтарғым келіп жазып отырмын.

Менің жасым 21-де. Үйдің кенже қызы болдым. Қаңтар айында жолдасым алып қашқан. Той айдың соңында болды. Менің мәселем: қыз болып, арым таза болып күйеуге шықтым, бірақ қан ақпады. Қаңтар айының соңында көтердім. Күйеуім екі күн бірінде «сен бұрында жатқансың, сен жезөкшесің, сен өтірік айтасың» деп неше түрлі лас сөздермен балағаттайды. Түсіндіріп айттым, жылап та айттым. Түн жамылып тұрып, қолыма нан ұстап айттым, бәрібір сенбейді, тек «Алла тағала және мен білем қандай болғанымды» деп қоямын.

Қазір шешеме дейін боқтап, туған бауырларымды да, кінәсіз туысқандарымды да балағаттайды. Қол көтеретін болды. Айтып жүрмін гинекологқа барып сұра, барлық әйелдерде қан болмауы мүмкін, әр түрлі себеппен деп, ол бірақ сенбейді. Басқа қалай сендіретінімді білмеймін.

Көп ашуланбайын дейсің, бірақ «шыдамның да шегі бар», сөзімен жеп қояды, мен ол сөздерге лайық емеспін, өзімді қорғағым келеді, бірақ әлім келмейді. Мойнымнан қысады, қолдарымды көгертіп қояды. Өмір бойы олай жүргенін де қаламаймын, мамандардан сұра десем де, өзі барғысы келмейді. Кеше де ұрысып қалдық, сөйлеспейді, жауап бермейді.

«Сен шындығынды айт» дейді, «сен қыз болып шыққан жоқсың ғой иә? Шыныңды айтсаң мен саған ренжімеймін» дейді. Бірақ өтірік нәрсені неге мен «иә, мен сондаймын» деп айтуым керек. Ішімдегі баладан да күмәнданатын болған, «бала керек емес, өле қал» дейді. Мен басқа не істеймін, қайда барамын? Әке-шешеме бармаймын, олардың еңсесін, көңілін түсіргім келмейді. Өзім сабыр сақтап, қасына барам, құшақтап, оны да жаратпайды, баласын да аямайды.

Әке-шешемді көрген сайын ішімнен жылаймын, сағынып, құшақтап жылап алғым келеді, біақ білдіртпей өзімді ұстап отырамын. Бұрында уйде жүріп, одан да әкемнің ішіп концерт қойғаны жақсы еді, бұндайды көріп, естігенше деп, ойлап едім, күйеуге шықсам, құдай онсызда 20 жыл бойы көрсетті ғой отбасыдағы жағдайды әке-шешемнің, енді бақытты қылар деп ойладым, бірақ қателесіппін...

Қашанғы бұлай жалғаса беретінін білмеймін, кейде кетіп қалғым келеді, бәрін тастап басқа қалаға болсын, бірақ күйеуім жібермейді. Одан сайын ауыртып қолын көтереді.

Не істеуге болады, түсіндіріп жайлап сөйлесейік десем де сөйлеспейді».

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пәк қыз