$ 494.87  520.65  4.91

«Қытайда мұндай шенеуніктерді жұрт алдында атып тастайды»: Мұхтар Тайжан ЛРТ жобасы туралы пікір білдірді

Сондай-ақ, ол жобаға кеткен халықтың ақшасын қайтаруды сұрады.
Фото: 7News.kz
Фото: 7News.kz

Экономист Мұхтар Тайжан Нұр-Сұлтандағы ЛРТ жобасына кеткен шығынды шешім қабылдаған шенеуніктердің мойнына ілу керектігін айтты. 

«Астана LRT құрылысын тоқтату қажет. Әйтпесе проценті бар 2 млрд доллармен тағы бір қаржылық құлдыққа кіреміз. Жобаны тоқтатып, бетон бағаналарын бұзып, бүгінгі күнге дейінгі кеткен шығынды тіркейік. Бұл шығындарды шешім қабылдаған шенеуніктердің мойнына ілу керек. Кімнің қолы қойылғанын білу үшін құжаттарды тексерейік. Сот шешімі осылай болсын», - деп жазды Мұхтар Тайжан Facebook-парақшасында

Сондай-ақ, ол жобаға кеткен халықтың ақшасын қайтаруды сұрады.

«Қытайда мұндай шенеуніктерді алаңға шығарып, жұрт алдында атып тастайды. Бірақ біздің адамгершілігіміз бар. Тек халық ақшасын қайтарсын», - деді экономист. 

Айта кетейік, LRT жобасын BI GROUP басшысы Айдын Рахимбаев та сынап тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары