$ 498.34  519.72  4.85

Алматы мен Нұрсұлтан әлем бойынша арзан қалалардың тізіміне енді

Портал сарапшылары Нью-Йоркте өмір сүру бағасын негізгі көрсеткіш ретінде алып, өзге қалалардағы азық-түлік, қызметтер, көлік пен баспананы жалға алу құнына жұмсалатын шығындарды салыстырған.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары әлемдегі өмір сүру ең арзан 50 қаланың тізіміне енді. Рейтингті әр мемлекеттегі бағалар туралы ақпарат жинайтын Numbeo порталы жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Портал сарапшылары Нью-Йоркте өмір сүру бағасын негізгі көрсеткіш ретінде алып, өзге қалалардағы азық-түлік, қызметтер, көлік пен баспананы жалға алу құнына жұмсалатын шығындарды салыстырған. Әр қала үшін өмір сүру бағасы индексі есептелген (ол 100 пайызға тең). Ол үлгі ретінде алынған қала көрсеткіштерінен ауытқушылық мөлшерін көрсетеді.

Осылайша, Алматыда индекс 30,84-ті құрады. Бұл мұнда өмір сүру құны Нью-Йоркпен салыстырғанда шамамен 70 пайызға төмен екенін аңғартады. 
Астанада өмір сүру құны сәл қымбатырақ. Елордадағы өмір сүру индексі – 31,84.

Тізімдегі алғашқы жиырмалыққа Пәкістан және Үндістан енді. 

Ал Ташкент (Өзбекстан), Тбилиси (Грузия), Запорожье (Украина) және Бішкек (Қырғызстан) ТМД-дағы ең арзан елдер болып шықты.

Өмір сүру құны ең қымбат қалалар Швейцария (олар Базель, Цюрих, Лозанна, Женева және Берн), Норвегия (Ставангер, Осло, Тронхейм, Берген, Рейкьявик) және АҚШ-та (Нью-Йорк, Анкоридж) орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары