Бағаның айтарлықтай өсуі көкөністерде, жұмыртқада, күнбағыс майында, дәнді дақылдарда, жемістер мен теңіз өнімдерінде байқалып отыр. Жалпы, бір жыл көлемінде азық-түлік бағасы елімізде 11 пайызға қымбаттаған.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мамандарының хабарлауынша, өткен айда азықтық тауарлардың бағасы — 3,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы — 6,5 пайызға, көрсетілетін ақылы қызметтің құны 1,4 пайызға қымбаттаған.
Комитет мамандары берген баға өсуінің көрсеткіштері төмендегідей:
- көкөніс — 16,4%
- жұмыртқа — 9,4%
- күнбағыс майы — 7,5%
- қарақұмық — 6,7%
- балық және теңіз тағамдары — 6,3%
- зәйтүн майы — 5,3%
- жемістер — 5,2%
- кофе — 5,1%
- шикі сүт — 4,7%
- салқын сусындар — 4,4%
- ұннан жасалған тәтті нандар — 4,3%
- тәтті тағамдар — 4,2%
- ұн — 4,2%
- нан — 3,6%
- картоп — 3.2%
- сұлы — 3%
- макарон өнімдері — 2,9%
- тауық еті — 2,8%
- күріш — 2,7%
- консервіленген сүт, шай — 2,4%
- шұжық, ет өнімдері — 2%
Ал, 2015 жылы еліміздегі инфляция көрсеткіші 3,7% пайызды құрап отыр.