$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай мен Ақмола облысының арасындағы жол жабылды

Бүгін сағат 12:30-да ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қостанай қаласы мен Ақмола облысының арасындағы автокөлік трассасы жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін жабылды деп хабарлайды "ҚазАвтожол".

Нақтысын айтқанда, "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" трассасының 7-232 шақырымдарының аралығына уақытша бөгет қойылған. Сонымен қатар, сағат 14:15-тен бастап дәл осы автожолдың 232-260 шақырымы, яғни Қостанай облысының шекарасынан бастап Сұрған станциясына дейінгі аралықтағы жол да жүк көліктері мен автобустар үшін жабылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары