$ 498.34  519.72  4.85

Бурабай тауы отқа оранды

Тау басынан қара түтін тапа тал түсте бұрқ ете түскен.

Бурабай тауы отқа оранды. 850 метр биіктікте Жеке батыр тауының ұшар басындағы тілсіз жауды ауыздықтау төтеншеліктерге оңайға түспей жатыр. Адам аяғы бармағасын тікұшақты тартуға тура келді, деп хабарлады Stan.kzақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеп. 

Тау басынан қара түтін тапа тал түсте бұрқ ете түскен.Таяқ тастам жердегі өрт сөндіру қызметі бірден әзір болғанымен, 850 метр биіктікке  шығу қиындық туғызған. Апат аумағы өрши бастаған соң ғана Қазәуеқұтқарудың  тікұшағы көтеріліпті.

11 тонна су шашып, 4 рет айналған тікұшақ қызыл жалынның бетін қайтарғандай. Бірақ, аптап ыстық пен аңызақ жел отты өршітіп, қурап тұрған шөп қайта-қайта тұтануда. От ошағына қазір жаяулап өрт сөндірушілер мен орманшылар да жетті. Әзірге, тілсіз жаудың неден басталғаны белгісіз. Жалын жалмаған жер көлемі 1 гектарға жуық.

"Төменде 400 метр жерде өрт сөндіру көліктері су жеткізіп тұр. Қазір шлангілер де тарттық.Әрине, ауа райы да қиыншылық тудыруда. Жоғарыға өрт сөндіргіш құралдармен тағы 60 адам көтеріліп барады. Қалайда бүгін өртті ауыздықтауға тиіспіз", - деп Ақмола облыстық ТЖД басшысы Алексей Советов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бурабай