$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте 4 жасар қыздың денесі табылды

Айжарқын қыздың іш киімсіз болғанын, беті көгергенін айтты.

Шымкентте ескі гараждан 4 жасар қыздың өлі денесі табылғанын полиция растады, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қыздың жақын туысы Айжарқынның айтуынша, күндізгі сағат 3-те ол осы үйге қонаққа келеді. Қыз баланың жоқтығын байқаған бойда оны іздеуге шығады. Кейін учаскелік полицейдің көмегіне жүгінеді. Екеуі қыз баланың денесін ескі гараждан тауып алады.

Айжарқын қыздың іш киімсіз болғанын, беті көгергенін айтты. Қыз баланың әкесі естіген бойда мүрдені көтеріп үйіне апарды. Үйден мәйіт сараптамаға жіберілді. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары