$ 494.87  520.65  4.91

Тазарту акциясы: Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын «асарға» шақырды

Қала әкімі Қояндыдан бастау алған тазарту акциясының келесі нүктесін жариялап, еріктілерді және қала тұрғындарын қатысуға шақырды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Twitter-парақшасында тазарту акциясының жалғасатынын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Қала әкімі Қояндыдан бастау алған тазарту акциясының келесі нүктесін жариялап, еріктілерді және қала тұрғындарын қатысуға шақырды.

«20 шілде күні Birge TazaQazaqstan тазалық қозғалысы басталды. Алдағы сенбі, яғни, 27 шілде күні біз тазалық эстафетасын қабылдап аламыз.

Есіл мен Қарасу өзендерінің әуежайдан айналатын жағасынан Қарағанды тас жолына дейінгі аралығын қоқыстан тазартуды ұсынамыз. Қатысуға ниетті тұрғындарды шақырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 20 шілдеде Қояндыда өткен тазалық акциясына қатысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары