$ 444.22  476.38  4.82

Орманды әдейі өртеген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Хабарларға қарағанда, 20 адам зардап шеккен, соның 8-і өрт сөндіруші, қалғаны жергілікті тұрғындар.

Португалияда орманды әдейі өртеді деген күдікті ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат агенттігі euronews.com-ға сілтеме жасап.

Сенбі күні кешкісін елдің солтүстік-шығысында тұтанған алапат өрт 3 мың гектар орманды жалмады.

Хабарларға қарағанда, 20 адам зардап шеккен, соның 8-і өрт сөндіруші, қалғаны жергілікті тұрғындар.

Тұтас бір елді мекен эвакуацияланды.

Сұрапыл өртті сөндіруге мыңға жуық өрт сөндіруші, 240 машина және 13 ұшақ тартылды.

Тілсіз жау тек жексенбі күні ғана ауыздықталды. Ал оны толықтай сөндіру үшін Еуроодақтың арнайы қызметтері спутниктен алынған суреттерді беріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары