$ 444.22  476.38  4.82

18 жастағы оқушы қыз босанған бойда емтиханға қайта оралды

Маму қаласынан келген 18 жастағы оқушы Фатума Курума Конде емтихандардың біріне келіп, толғақ басталғанын сезген.

Гвинея тұрғыны босана салып, жарты сағат ішінде емтиханға қайта оралды. Бұл туралы Lenta.ru ақпараттық порталы The Sunday Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Маму қаласынан келген 18 жастағы оқушы Фатума Курума Конде емтихандардың біріне келіп, толғақ басталғанын сезген. Ол тез арада ауруханаға жеткізіліп, 10 минут ішінде ұл баланы дүниеге әкелді. Тез есін жинап алған Курума Конде емтиханға қайта оралып, барлығын таңғалдырды.

Курума Конде күйеуі мен туыстарынан босанатын күнін жасырып келген. Өйткені оны емтиханға жібермеуі мүмкін еді. 

«Мен бакалавриатқа түсу үшін бір жыл бойы дайындалдым. Барлық емтихандар мен үшін маңызды еді. Ең болмағанда біреуін жіберіп алудан қорықтым», - деді жаңа босанған ана.

Емтихан орталығының жетекшісі Мохамед Диаките жергілікті БАҚ өкілдеріне болған оқиғаны растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары