$ 494.87  520.65  4.91

Хасавюртте салафиттердің имамы өлтірілді

Дағыстанның Хасавюрт қаласында белгісіз біреулер салафиттердің 22 жастағы имамы Сүлеймен Сүлейменовты (Кокрекский) атып өлтірді деп хабарлайды «Коммерсантъ».

 

Басылымның жазуынша, Сүлейменов уахабилердің көсемі Әбу Омар Саситлинскидің соңынан ерген сенімді идеологтарының бірі. Оны Ресей құқық қорғаушылары бірнеше уақыттан бері лаңкестікке қатысы болғаны үшін іздеп келген. Ал, салафиттер болса бұл билік және дәстүрлі ислам ұстанушылары тарапынан қасақана жасалып отырған шара дегенді айтып отыр. Мұнан кейін уахабилер жиналатын мешіттерді күштеп тартып алу науқаны басталады деп болжайды радикалды бағыттағы секта өкілдері.

Дағыстан Республикасы бойынша Ресей Тергеу комитетінің сайтында хабарланғандай, оқиға 1 желтоқсан күні күндізгі уақытта орын алған. ВАЗ "Приора" көлігін тізгіндеген белгісіз біреулер Сүлейменов мінген Toyota Land Cruiser 200 көлігіне қарай оқ жаудырған. Салафит-имам болса алған дене жарақаттарына қарамастан қарсыластарына бірнеше рет оқ атып үлгерді. Куәгерлердің шақыртуымен келген жедел-жәрдем Сүлейменовты ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Аайта кету керек, қарулы қақтығыс көшедегі бейнебақылау камерасының дәл алдында орын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары