Қазақстан 61 елмен визасыз режим орнатты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ көші-қон қызметі комитеті.
"Көші-қон қызметі органдарында тіркелу қажеттілігінсіз 30 тәулікке дейін 45 елге бір жақты тәртіпте визасыз режим берілді", - деп жазылған хабарламада.
Екі жақты негізде 19 елмен (Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей және Украина 90 тәулікке дейін, Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея, Куба, БАӘ, Сербия, Тәжікстан, Түркия және Эквадор 30 тәулікке дейін, Гонконг 14 тәулікке дейін) келісім жасалды.
"Халықтың көші-қоны туралы" заңға сәйкес шетелдіктер Қазақстан Республикасына келгеннен кейін бес күннің ішінде тіркелуге міндетті.
Тіркеу бірнеше тәсілмен ресімделеді: