$ 498.55  524.28  4.75

Алматыда 29 жастағы жас босанған ана көз жұмды

Дәрігерлер науқасты қарап шығып, оны шұғыл жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызған, деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Келіншек 16 шілде күні № 1 перзентханаға келіп, ішінің төменгі бөлігі ауырып жатқанын айтады. Ол жүктіліктің 36 аптасында болған, деп жазады Sputniknews.kz.

Дәрігерлер науқасты қарап шығып, оны шұғыл жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызған, деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, дәрігерлер клиникалық-зертханалық тексеріс жүргізген. Науқасқа терапевт, офтальмолог және невропатолог кеңес берген. Қабылданған шараларға қарамастан, дәрігерлер әйелдің өмірін құтқарып қала алмады. Бала сау туды.

Баспасөз қызметі бұл әйелдің үшінші жүктілігі екенін атап өтті. Дәрігерлердің мәліметінше, алдыңғы балаларын кесарь тілігі арқылы босанған.   

"Жас босанған әйелдің көз жұму фактісі бойынша кешенді комиссия құрылып, оның құрамына республикалық ұйымдар, денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері кірді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Науқасқа медициналық көмек көрсеткен медицина мекемесінің қызметкерлері қызметінен және басқа әйелдерді емдеуден шеттетілді.  

Қайтыс болған жүкті әйелге медициналық көмек көрсетуге қатысты тексеріс нәтижелері процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қалалық полиция департаментіне жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары