$ 446.49  475.38  4.79

«Сендер қай ұлтсыңдар негізі?»: танымал тележүргізуші «қазақ жігіттерін» сынап тастады

Көл тамшыдан құралады, бәріміз бір тілден қиналдық екен деп баламызға қазақ екенін айтпай өсірсек, жақын 50 жылда жойылып кетпесімізге кім кепіл? Онсызда әркіммен қанымыз араласып, бойымыз мыртиып, ұсақталып барамыз. Ата-бабамыз қандай денелі, ұзын бойлы болған! Қайда сол нар тұлғалы, тепсе темір үзетін қазақ жігіттері?

Танымал тележүргізуші, дизайнер Жанат Бақыт өзінің Facebook-парақшасында аты – қазақ, заты – өзге ұлт өкілдерін сынға алды, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Ол өзінің нотариуске барған кездегі басынан өткен оқиғасымен бөлісті. 

Оның айтуынша, тілдері өзге тілде шүлдірлеп, түрі қазақ боп тұрғандар тіліміздің, дініміздің болашағына үлкен қасірет әкеліп отыр.

«Нотариусте отырсам, нотариус апай «Негізі қазақ деген өте әлсіз xалық. Ойдан шығарды демеңдер, мына жерде отырғаныма жарты ғасырға жуықтады, көргенімді айтайын, қазақ жігіт орыстан, не кәрістен қатын алады, өзі де соның тілінде сөйлеп, бала-шағасы да қазақша татпайтын жағдайға жетеді. Қазақ қызы ұйғырға, не қытайға тиеді, соның тілінде сөйлеп, солардың дәстүрін айтып, осы жерге келіп отырады. Мысалы, талай орыс келеді Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды. Әкесі мәңгүрт құсап отырады анадай жерде!», - дейді апам.

Сол-ақ екен, кезекте тұрған орыс келіншек «Менің ұлым бір рет «Мама, мен осы орыспын ба, қазақпын ба?» деп сұрады» (балаларына қарасам, әкесі қазақ екені көрініп тұр), сен Қазақстанда тұрасың, қазақ болатын шығарсың, бар, папаңнан сұрашы дедім. Балам папасына барған еді, папасы «Білмейм, өзің білші, орыс болғың келсе орыс бол, қазақ болғың келсе қазақ бол» деді», - дейді. «Еркек екен онда!» деп кекетті нотариус апай.

Жанат Бақыт айналасындағы болып жатқан жағдайды саралап, намысы оянып, ашуланған сәтін еске алды. 

Ол «қазақ жігіті» деген атқа сай еместерді сынап, намыссыз еркектердің толып бара жатқанына ашынды.  

«Намыстан жарылардай боп отырмын. Не дейсің ал? Рас қой, ауылдан келген талай танысым орыс қатын алды. Шіркіндерің өмірі қалада тұрғандай сызылып орысша сөйлеп жүреді, балалары қазақ екенін білмейді де. «Неге мұндай тәрбие беріп жатырсың?» десең, «Өзім орыс тілін білмей көп қиналғанмын, бұлар қиналғанын қаламаймын» деп қояды. «Жақсы бопты» дейсің, не дейсің басқа? Көл тамшыдан құралады, бәріміз бір тілден қиналдық екен деп баламызға қазақ екенін айтпай өсірсек, жақын 50 жылда жойылып кетпесімізге кім кепіл? Онсызда әркіммен қанымыз араласып, бойымыз мыртиып, ұсақталып барамыз. Ата-бабамыз қандай денелі, ұзын бойлы болған! Қайда сол нар тұлғалы, тепсе темір үзетін қазақ жігіттері? Жүреді кейін мәңгүрттердің ұрпағы көздері қысиып, не көкшиіп, сала жеп, құрт-құмырсқа жеп. Кәрісіңе еліктеп жігіттер (жігіт деуге де ұяласың) жүр лосина киіп, шаштарын қызылға бояп. Жағымпазбыз просто. Бір сөзбен айтар болсақ, шындық сол!», - деп шорт кесті Жанат Бақыт.

Жазба соңында ол өзге елге қыдырып шығуға да ұялатынын айтты. Өйткені шетелдіктер «Сендер қай ұлтсыңдар өзі?» деп сұрақтың астына алады екен. 

Жанат Бақыт «қазақпын» деп мақтаныш кергісі келсе де, айналадағылардың орыс тілінде «былдырлап» тұрғанын көріп, сөйлеуге ұялыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары