$ 444.22  476.38  4.82

Халықаралық сарапшылар теңге құнсызданады дегенге не дейді?

Сыртқы факторларға байланған теңге бағамына әсер ететін оқиғалар әлемде аз орын алып жатқан жоқ.

Халықаралық сарапшылар ұлттық валюта бағамын мемлекет бақылап отырған болуы мүмкін деген пікірде.

Доллар курсы баяу бірақ тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл күндері 1 доллар 385 теңгелік деңгейге тұрақтаған. Алайда 9-16 шілде күндері Қазақстанда болған халықаралық валюта қорының сарапшылары бұл нарықтық бағам дегенге күмәнмен қарайды, – деп жазады 365info.kz.

Сыртқы факторларға байланған теңге бағамына әсер ететін оқиғалар әлемде аз орын алып жатқан жоқ: Доллар құнсызданып, рубльдың әлемдік нарықтағы бағамы күшейді. АҚШ-Қытай қатынастары тұйықталып, кейін оңала бастады. АҚШ-тың Федералдық резерфтік жүйесі мен Еуропа орталық банкі ставканы төмендетуге әзір екенін айтты. Мұнай бағасы барреліне 62-ден 68-ге дейін көтеріліп, қайта түсті. АҚШ Иранға қатысты санкция енгізді, тағысын тағы дегендей.

Бірақ ұлттық валютаға аталған жайттардың шыбын шаққандай да әсері болмады. Дамушы мемлекет үшін, әсіресе нарықтық жағдайда бұл өте күмәнді.

Сарапшылар теңге курсына Ұлттық банк ықпал етіп тұруы мүмкін деген пікір айтуда. Бас банк әрине бұнысын жария еткісі келмейді. Есептік қағаздарда жалаң цифрлар ғана. Оның өзі толық мағлұмат емес. Алайда теңге бағамының тұрақтылығымен қатар ұлттық банк резервтерінде өзгерістер байқалуда. Келтірілген деректерге қарағанда теңге бағамына қатысты интервенция жүргізіліп отырғанға ұқсайды. Ол туралы басты регулятор ашып-жарып айтар емес.

Халықтың билікке деген сенімі азайып, күмәні көбейіп тұрған шақта билікке теңге бағамын шарықтатып, тағы да қоғамдық сын нөпірінің астында қалу, абыройын түсіру тиімсіз. Сондықтан доллар өсімінің аузын буып ұстауға мәжбүр. Ал теңге бағамын тізгіндеуге қыруар қаражат жұмсалады. Бірақ интервенцияны үнемі жасау мүмкін емес. Егер теңгенің құнсыздануына әсер етуші факторлар азаймаса, жуық аралықта девальвациядан қашып құтыла алмаймыз. Ал девальвация қай шамада болады – бұл жауабы бізге белгісіз мәселе!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теңге