$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев: «Браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет»

«Олардың ерлігін мақтан тұтамыз. Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан испектордың отбасына көңіл айтып, оларға көмек көрсетілетінін Twitter-парақшасында хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпараттық агенттігі.

«Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз. Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент браконьерлерге қарсы жазаны күшейту туралы заңнама қайта қаралатынын айтты. 

«Қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет».

Еске сала кетейік, 23 шілдеде Ақмола тірек пункінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторлары Жарқайың ауданының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізу кезінде ақбөкенді ату фактісі анықталған. Браконьерлердің автомашинасын қуу кезінде екі инспектор жараланып, кейіннен біреуі қайтыс болған. 1975 жылы туған екінші жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары