25.07.2019, 21:00

Алматыда 2 ер адам автобус жүргізушісін пышақпен қорқытқан

Бір уақытта жолаушы азамат жүргізушіні соғып жібереді.

Әлеуметтік желіде автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарап кетті. Екі ер адам қоғамдық көлік жүргізушісін соққыға жығып, оны пышақпен қорқытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шабуылдың бейнежазбасы Instagram желісіндегі Kris P Brothers Almaty парақшасында жарияланған.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан ер адамның автобусқа кіріп, жүргізушінің қасына келгенін көруге болады. Артынша олар бір-бірімен қол алмасып, бір нәрсені талқылай бастады. Бір уақытта жолаушы азамат жүргізушіні соғып жібереді. Олардың қасына тағы бір ер адам жүгіріп келеді.

Бейнежазбадан қоғамдық көлік жүргізушісі өзіне соққы жаудырған азаматтарға оларды бейнекамера түсіріп жатқанын ескерткені көрінеді. Алайда, бұзақылар өзін агрессивті түрде ұстауды жалғастырып, жүргізушіні жабылып ұрады.

 

Zakon.kzсайтының хабарлауынша, "Бату Тревел" компаниясының директор орынбасары Серік Ұрымбаев оқиға 21 шілде күні орын алғанын жеткізген. Ол кезде автобус жүргізушісі жанармай бекетіне қарай бара жатқан.

"Автобустың алдына кенеттен көлік тоқтайды. Жүргізуші оған соқтығыспас үшін солға бұрылып, оған сигнал беріп кете береді. Одан кейін, ол көлік автобусты қуып жетіп, оған жол бермей қойған. Сол көліктегі ер адамдар автобус салонына кіріп, жүргізушіні соққыға жыққан. Видеода ол жері жоқ. Бірақ, олар оны пышақпен қорқытқан" , - деді ол.

Тегтер: Алматы