$ 494.87  520.65  4.91

Әблязовтің ақша ұрлау және жылыстату бойынша қылмыстық схемалары егжей-тегжейлі ашылды

Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қарастырылады.

Аталған тұлғалар тергеуге толық көмек көрсете отырып, Әблязовтің ақшаны ұрлау және жылыстату бойынша қылмыстық схемаларын егжей-тегжейлі ашты. Қылмыстық іс Алматы қаласы  Медеу ауданының №2 аудандық сотында қарастырылады. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әблязовтің өзін қоса алғанда, халықаралық іздестірудегі 17 күдіктіге қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық аясында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары Әбіләзовтің ақшаны ұрлауға және шетелде жылыстатуға кінәлі екеніне қосымша дәлелдер ұсынды. Алынған мәліметтер дәлелдік базаны нығайтып, қылмыстық және азаматтық процестер аясында шетелде зерттелетін жағдайларды айтарлықтай дәрежеде түсіндірді.

Мысалы, 2019 жылғы 3 шілдеде Нью-Йорк штатының Округтік сотының судьясы Кэтрин Паркер азаматтық талқылаудың барлық материалдарын, соған қоса Әблязовтің сотта берген жауаптары мен оның ұсынған құжаттарды, зерттеп шығып, оған қарсы санкциялар қолдану туралы шешім шығарды.

Сот Әблязов өзінің қолындағы құжаттарды қасақана жасырып, қойылған сұрақтарға әдейі жауап бермеді деген қорытындыға келді. 
Нәтижесінде сот оны қазақстандық тараптың адвокаттардың қызметіне жұмсалған шығындарын өтеуді міндеттеді және өзінің қорғауын қолдау бойынша қосымша құжаттарды мәлімдеуге тыйым салды. 

Міне осылайша екінші шетелдік сот БТА банкінің Әблязовке қарсы қойылған талаптарының негізділігін растады және оның оларға келтірілген дәлелдеріне күмән келтірді.

Осыдан бұрын Лондонның Жоғарғы соты үнемі алдап, сотты жаңылыстырып жүргені үшін, Әблязовті 22 айға түрмеге қамау жазасына үкім шығарды, соның нәтижесінде одан БТА банкінің пайдасына 4 млрд. долларды өндіріп алу туралы шешім шығарылды.
Сонымен қатар, ағылшындық сот Әбіләзовтің қудалаудың саяси уәжі жөніндегі дәлелдерін толығымен қабылдамады, оның дәлелдерін мойындап, «шындыққа жатпайтын», «дәрменсіз», тіпті «сенуге келетіндей емес» деп таныды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әблязов