$ 494.87  520.65  4.91

Таңғы ас ішпеген адам қандай ауруға шалдығады?

Олардың өмір салтымен түрлі ауруларға шалдығу қаупінің арасындағы байланысты зерттеуге мүмкіндік берді.

Бразилиядағы Сан-Паулу университетінің ғалымдары мен еуропалық зерттеушілер таңғы ас ішпейтін жастардың семіздікке, сондай-ақ екінші типтегі диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін екенін анықтады деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, ғалымдар Еуропада тұратын 12,5 – 17,5 жас аралығындағы және 14-18 жастағы бразилиялық 3528 жасөспірімнің денсаулығына қатысты деректерге талдау жүргізді.

Олардың өмір салтымен түрлі ауруларға шалдығу қаупінің арасындағы байланысты зерттеуге мүмкіндік берді.

Мамандар жастардың дене салмағын, бойын, белінің өлшемін есептеген.

Нәтижесінде зерттеушілер таңғы асты анда-санда ішетін жасөспірімдер күнделікті тамақтанатындарға қарағанда семіздікке жиі шалдығады деген қорытындыға келді.

Таңғы ас ішпейтін ер балалардың белі басқалармен салыстырғанда 2,13-2,61 сантиметрге, ал қыздардыкі 1,97 сантиметрге ұзын болған.

Балалардың салмағы да жақсы ұйқыға қарамастан артып отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бразилия