$ 442.05  474.14  4.74

«Ұстап көрдің бе?» деп сыбырлады»: 16 жастағы қыз имамның қылықтарынан кейін мешітке аяқ баспайтын болған

«Бір кезде артымнан аяқ дыбысы шықты. Дереу жетіп алды. Бізге уағыз оқыған имам екен».

Небәрі 16 жастағы шымкенттік қыз діни сауатын ашпақ боп мешітке барғанын, алайда имамның қылықтарынан кейін енді онда аяқ баспайтын болғанын айтты. 

«Қадір түні болатын. Үйміз мешітке жақын енді. Өзімнің аузым берік. Қадір түнін мешітте күтейін деп шештім.

Ауыл мешіті кішкентай. Қыздар жағына бір молда келді. Уағыз айтты. Керемет болды. Күн ұясынан шыққалы жатқанда мен де кетуге қамдандым. Сыртқа шығып, үйге бет алдым. Бір кезде артымнан аяқ дыбысы шықты. Дереу жетіп алды. Бізге уағыз оқыған имам екен. Шығарып салғысы келетінін айтты. 

Содан не керек үйге де жеттік. Подьезге қатарласып кірді де мені құшақтап алды. Бір кезде ернімнен сүйе бастады. Қатты қысқаны соншалық қимылдай да алмадым. Содан сүйіп жатыр, сүйіп жатыр. Біраз уақыттан соң «ұстап көрдің бе?» деді. Мен түсінбей «нені?» дедім. Айтуға ауыз бармайтын жерін айтты. Тіпті қолымды алып, қинап ұстатты. Қатты қорықтым. 

Жіберіңізші. Әйтпесе айқайлаймын дедім. Жіберді. Кездесіп тұрайық деп жалынды. Құтылу үшін келіскендей ишарат білдірдім. 

Осы оқиғадан кейін мешітке бармақ түгілі маңына да жоламайтын болдым»,- деп жазды ол İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент