28 шілде күні сағат кешкі 11-лер шамасында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Береговое және Башмачный ауылдарының аралығында «21214» және «MERCEDES-BENZ SPRINTER» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан «21214» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы, сондай-ақ «MERCEDES-BENZ SPRINTER» көлігінің екі жолаушысы, соның ішінде 9 жасар қыз түрлі жарақатпен Железин аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, «21214» көлігінің жүргізушісі орташа деңгейде мас болған.
Бұдан бұрын, 2019 жылдың ақпанында ол ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған», - делінген хабарламада.
Бұл факті тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.