$ 441.66  475.14  4.86

Сирияның Идлиб қаласында 500-ге жуық содыр жасырын күш орналастырып, шабуылдауға дайындалуда

Ресей әскерлері тобының саны азайды.

Сириядағы күрделі әскери-саяси жағдай көбінесе АҚШ басқыншы күштері мен жеке әскери компанияларының, сондай-ақ олармен байланысты халықаралық террористік және бейтарап үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің арқасында сақталып отыр. Бұл туралы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінде өткен брифингте Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Бас жедел басқармасының бастығы генерал-полковник Сергей Рудской мәлімдеді.

Негізгі террористік құрылымдардың жеңілуі Ресей қарулы күштеріне Сириядағы белсенді әскери іс-әрекеттерді 2018 жылдың желтоқсанында аяқтауға мүмкіндік берді. Хмеймим және Тартустегі Ресей әскери базаларының құрамына кірмейтін техника мен қару-жарақтар Ресей Федерациясының аумағына шығарылды. Ресей әскерлері тобының саны азайды. Хмеймим әуе базасы және Тартус әскери теңіз флотының материалдық-техникалық қамтамасыз ету пункті күнделікті режимде жұмыс істеп тұр, авиациялық ұшулар барынша қысқартылды.

Сирия мен Ресейдің ведомствоаралық үйлестіру штабы Сирия Араб Республикасында (САР) бейбітшілік орнатуға тиімді үлес қосып жатыр. Олар сондай-ақ БҰҰ-мен ынтымақтаса отырып, сириялық босқындардың үйіне оралуына көмектесуде. Соңғы бір жылдың ішінде тек Иордания мен Ливаннан 329 мыңнан астам адам оралды.

Сирияда бейбіт өмірді, өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылығын жандандыру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. САР аумағында 5 мың 906 тұрғын үй, 332 медициналық мекеме, 1 мың 539 мектеп, басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қалпына келтірілді.

Дегенмен Идлиб аймағындағы жағдай осы жылдың маусым айынан бастап нашарлады

.

2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі меморандумға сәйкес, Ресей мен Түркия тараптары Идлибтің құлдырау аймағында өзара іс-қимыл жасап жатыр. Мұнда түрік бақылау бекеттері жұмыс істейді, бірлескен күзет қойылған. Соған қарамастан, "Хайят Тахрир аш-Шам"* ( ДАИШ филиалы) лаңкестік тобының содырлары Сирия елді мекендері мен үкіметтік емес әскерлеріне оқ жаудыруын тоқтатпай отыр, Сирия бөлімшелеріне, тіпті Хмеймим авиабазасына шабуыл жасауға тырысуда – 17 және 22 шілдеде дүркіндетіп ату реактивті жүйесі (ДАРЖ) және  екпінді ұшқышсыз ұшақтары қолданылды.

Бағыттардың әрқайсында 300 содырдан тұратын отрядтар әрекет етеді, беске дейін танк, онға дейін бронетехника және 20-ға дейін пикап бар. Барлық шабуылға Сирия үкіметінің әскері тойтарыс берді (Ресей әуе-ғарыш күштерімен бірлесіп). Соған қарамастан, соңғы төрт айда Сирияның 110 әскери қызметкері мен 65 бейбіт тұрғын Идлибтің құлдырау аймағындағы содырлардың шабуылдарынан құрбан болды.

Сергей Рудскойдың айтуынша, соңғы бір жарым айдың ішінде Идлиб құлдырау аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде дәл соққылардың нәтижесінде 11 танк, 17 жаяу әскер машинасы, 12 РСЗО, 29 пикап, 40-тан астам қолдан жасалған ұшқышсыз ұшақ жойылды. Нысаналар үш тәуелсіз канал арқылы расталғаннан кейін ғана жойылады, бұл бейбіт тұрғындардың кездейсоқ қаза табуын болдырмайды.  

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев