$ 443.44  480.51  4.88

Атырау облысының Жылыой ауданында түйе төлі жаппай қырылуда

Мамандардың сөзінше, түйелерден ешқандай ауру белгісін байқалмаған, кешкісін жайылымнан келген мал таңертең өліп қалған.

Атырау облысының Жылыой ауданында түйе төлі жаппай қырылуда. Аймақта шілденің басынан бері 25-ке жуық үй жануары арам қатқан деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мамандардың сөзінше, түйелерден ешқандай ауру белгісін байқалмаған, кешкісін жайылымнан келген мал таңертең өліп қалған.

Алғашқы мал өлімі Ақкиізтоғай ауылында тіркеліпті.

Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта ол аумақтағы жағдай тұрақталғанымен, Құлсары қаласы маңындағы Жадырасын жайлауында да мал өлімі болған.

Қазір мамандар қандай да бір шешім шығару үшін сараптама қорытындысын күтуде. Алайда жұқпалы ауру тарауы мүмкін емес деп болжап отыр.

"Алдын ала диагноз шөптен улану деп қарап отырмыз қазір. Жұқпалы ауру жоқ деп отырмыз. Шөптен уланды немесе бір нәрсе шағып жатыр ма деп ойлап отырмыз. Сондықтан кенелерге қарсы обработка жасап жатыр", - дейді Атырау облысы, Жылыой аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тальго