$ 498.34  519.72  4.85

«Тамағын қанатып жіберген»: алматылық әнші өз күйеуінің зорлығынан құтылудың амалын іздейді

Бауыржан Ксенияны қатты соққыға жығып, тапқан табысын өз қалтасына басып, әр аттап басқан қадамын қадағалап жүрген көрінеді.

Алматылық әнші Ксения Ашиғалиева Faceebook-тағы «Немолчи.кз» парақшасында күйеуінің әрекетінен шаршағанын айтып, ұрып-соғатынына шағымданды. 

Әнші күйеуі Бауыржан Ашиғалиевтен 7 жыл жұбайлық өмірінде зорлық-зомбылық көріп келген. 2 қызы бар. Бауыржан Ксенияны қатты соққыға жығып, тапқан табысын өз қалтасына басып, әр аттап басқан қадамын қадағалап жүрген көрінеді. 

Ксения құқық қорғау органдарына жүгінеді. 5 шілде күні әнші ажырасқысы келетінін айтып, шағым түсірген.Бірақ сот оларға 1 айға ойлануға уақыт берген. Ол балаларын алып, анасына кетіп қалған. Бірақ Ксенияның бұрынғы қайын жұрты, енесі, атасы қайтуын талап етіп, қорқытып жатыр екен.

Ксения вокалдан сабақ беріп, өз күнін өзі көруде. Күйеуінсіз өмір сүре алатынына сенімді. 

28 шілде күні жұбайы басқа адамдармен бірге алматылық келіншекті алып қашып, өлтіруге әрекет жасаған. Ұйымның мәліметтерінше, Ксенияға бір қыз қоңырау шалып, онымен вокал бойынша сабақ өткізуін сұраған. Ештеңе ойламастан әнші айтылған мекенжайға барады. «Оқушы» оны кіреберіс жанында қарсы алып, 3-ші қабатқа апарған.

Осы уақытта оған екі жақтан шабуыл жасалып, басына үлкен қап кигізген. Ксения дауыс арқылы күйеуі мен досы Қайсар Аманқұловты танып қойған.Олар оны жертөлеге апарар жолда ұрып-соққан. 

Күйеуі Ксенияның дыбысын шығармау үшін бар жұдырығын аузына салып, тамағын қанатып жіберген. Келіншек өз өмірі үшін алаңдап, үйде балалар бар екенін айта отырып, оның барлық тілегін орындауға уәде берген.

Қазір кезде қатты қорқып қалған жас ана іс қайтадан «тұрмыстық жанжал» деп қарастырылуы мүмкін екенін ойлап, уайымдауда. Келіншек кез келген уақытта ұрланып, күйеуінің қолынан өліп кетуден қорқады.

Ол шағым түсірген ұйым келіншектің атынан прокуратураға, ІІМ-ге, Алматы ІІД-ге жүгінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әнші